Қарағандылықтар қала мәселелерін Belsendi Azamat сайты арқылы хабарлай алады

Қарағандылықтар қала мәселелерін Belsendi Azamat сайты арқылы хабарлай алады

Belsendi Azamat — бұл қарағандылықтардың өмір сүру сапасын және қала келбетін жақсарту үшін әзірленген жоба. Пайдаланушылардан belsendiazamat.kz сайтына инфрақұрылымдардың, жолдардың, көлік тораптарының, жарықтандырудың, қала көшелеріндегі қоқыстың тазалануының және аумақтарды абаттандыру жағдайлары туралы хабарлап отыруды сұрайды. Аталмыш жоба арқылы тұрғындар қала билігіне мәселені дер кезінде жоюға көмектеседі дер көзделіп отыр.
Жобаны жасаушылар порталдағы бір жүйеге келтірілген процесс тез және бюрократиялық әуре-сараңға ұшырамастан пайдаланушының хабарламасына жауап алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Шағым немесе ұсыныс жазғандарға мәселенің шешілген-шешілмегені және қандай мерзім аралығында шешілетіні туралы жауап жазылады.
Belsendi Azamat — бұл Қарағанды қаласының мемлекеттік органдарымен және коммуналдық кәсіпорындарымен тікелей байланыс орнату құралы. Оларға жіберген сауалдар мен жауаптарды барлық келушілер көре алады. Осылайша, қарағандылықтар мәселенің жойылуын бақылап, қаланы жақсырақ ете алады.