1-ші маусым, Халықаралық балаларды қорғау күні Қарағандыда балалар арбаларының шеруі өтеді. Онда барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Ол үшін +77021648187 WhatsApp нөмірі арқылы тіркелу қажет. Сонымен қатар баланың, ата-ананың аты-жөнін, арбаны безендіру мен киетін киімдер туралы қысқаша ақпарат беру қажет.
Шеруге қатысушылардың жиыны 1-ші маусым күні Кеншілер мәдениет сарайының алдында өтеді. Онда барлық қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Балалар арбаларының шеруі қарағандылықтар үшін дәстүрге айналған. Биыл ол осымен алтыншы рет өткелі отыр.