Осы жазда 41 мыңнан астам бала мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Осы жазда 41 мыңнан астам бала мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Қарағанды басшылары 41 360 баланың жазғы демалысын ұйымдастырады. Балалар мектеп жанындағы лагерьлер мен қала сыртындағы орталықтарда демалатын болады.
Осы жазда «Салют» балалар сауықтыру орталығы екі мыңға жуық баланы қабылдайды. Балаларды қабылдау 10 маусымда басталады. Барлығы 12 күннен төрт маусым жоспарланған.
Қала басшылары Бұқар жырау ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ас мәзірін бекіткен, қоқысты шығару бойынша және ыстық сумен қамту бойынша келісімдер жасалған. Легерьдегі тұрғын және шаруашылық корпустар жөнделген. Алғашқы ауысымның ашылуы алдында онда толық тазалау жұмыстары өткізіледі, аудағы ағаштар әктеліп, баннер мен таяқшалар жаңартылады.
Қарағандының балалар мен жасөспірімдер сарайы Қарқаралыдағы «Медик» демалыс орнында 250 мектеп оқушысы үшін демалыс ұйымдастырады.
Тағы 160 бала – зияткерлік және спорттық сайыстар мен олимпиада жеңімпаздары қала сыртындағы лагерьге күзде барады.
Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 10 бала 24 сәуір мен 17 мамыр аралығында Алматыдағы «Бөбек» сауықтыру орталығында демалып келді.
19 мамыр 11 маусым аралығында 50 оқушы Қапшағайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады.
Сонымен қатар осы жазда Қарағандыда мектеп жанынан 225 лагерь ашылады. Оларға 17 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда. Бірінші маусым 1-ші маусымда басталады.
Жазғы демалыс кезінде 165 жасөспірім «Жасыл ел» жастар жасағында еңбек ете алады.