Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудан прокуроры мен ішкі саясат бөлімі жетекшісі тағайындалды

Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудан прокуроры мен ішкі саясат бөлімі жетекшісі тағайындалды

Қазыбек би атындағы аудан прокурорының қызметіне әділет кеңесшісі Арман Аханов тағайындалды. Ал қалалық ішкі саясат басқармасын енді Дархан Жиенбаев басқарады. Тағайындаулар туралы бүгін Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлім етті.
Арман Тиштықұлы Аханов 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
2003 жылдан бастап прокуратура мекемелерінде жұмыс істейді. Түрлі жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының,Астана қаласы прокуратура бөлімінің прокурорының, Бас прокуратура басқармасы прокурорының, бөлім басшысының, Астана қаласы прокуратура басқармасы басшысының, Бас Прокурордың аға көмекші-заңның үстемдігін, құқықтық тәртіпті және жемқорлықпен күресті қамтамасыз ету бойынша ҚР Координациялық кеңесі хатшысының көмекшісі лауазымында еңбек етті.
2016 жылдың қараша айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Теміртау қаласының прокуроры болып қызмет атқарды.
Дархан Сәулеханұлы Жиенбаев 1984 жылы дүниеге келген. «Тарих және география» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Қарқаралының №44 орта мекбетінде бастаған.
2006-2010 жылдар аралығында Қарқаралының №2 орта мектебінде, Қарағанды гуманитарлық колледжі мен Қарқаралының №1 мектебінде тарих пәнінен сабақ берді.
2010-2011 жылдары Қарқаралы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2011-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында түрлі қызметтерді атқарды.
2014 жылдан жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ақпараттық-сараптамалық бөліміне жетекшілік етті
Нұрлан Әубәкіров жаңадан тағайындалған қызметкерлерге жемісті жұмыс тіледі.