
Балаларды қорғау күнінде Қарағандыда дәстүрлі оркестрлер шеруі өтеді. Мереке құрметіне облыс орталығында балалар даму орталықтарының фестивалі мен «Қауіпсіз жаз-2019» акциясы ұйымдастырылады.
1-ші маусымда өтетін жыл сайынғы оркестрлер шеруіне музыкалық, жалпы білім беретін мектептердің, шығармашылық орталықтар мен бірлестіктердің 2000-нан астам тәрбиеленушісі қатысады. Осылайша, қазақ және орыс халық аспаптар, ішекті және үрлемелі аспаптар ансамбльдері, №58 ОМ кадеттер-барабаншылары ортақ бір әуенді орныдап шығады, оркестрді «Волшебная страна» және «Искорка» шығармашылық ұжымдары бимен сүйемелдейді. Олармен бірге сондай-ақ қала көшелерінің бойымен мажореткалар да жүріп өтеді. Шерудің дәл бағыты кейінірек жарияланатын болады.
Балаларды қорғау күні қаладағы бес алаңда: Достық Үйінің жанында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Жаңа Майқұдық МҮ, Теміржолшылар мен "Молодежный" мәдениет үйлерінде балалар даму орталықтарының фестивалі өтеді. Оған 40-тан астам мектепке дейінгі ұйымдар мен спорттық клубтар қатысады. Іс-шара қонақтарына жаз мезгілінде балалардың бос уақытын қалай және қайда ұйымдастыруға болатыны, Қарағандыда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтіні және баланы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жіберуге болатыны туралы айтып беріледі.
Фестивальға ТЖ қызметкерлері де қатысады. Олар «Қауіпсіз жаз-2019» акциясын бастайды. Мамандар ата-аналар мен педагогтарға су қоймаларында, орманда және қалада балалар демалысын қалайша қауіпсіз ету керектігі туралы баяндайды. Іс-шараның басталуы сағат 10:00-де.