7 жасар Аиша Әбенова «Кішкентай әлем аруы – 2019» атанды

7 жасар Аиша Әбенова «Кішкентай әлем аруы – 2019» атанды

Қарағандылық балғын қыз "Little Miss World – 2019" балалар сұлулық байқауының жеңімпазы деп жарияланды. Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында кішкентай әлем аруы Айша Әбеноваға құрмет көрсетілді.
Байқау Бодрум қаласында өтті. Оған бүкіл әлемнің 7-12 жас аралығындағы 30 кішкентай арулары қатысты. Бас титулдан басқа, Аиша Best of the best және Miss Talent атақтарына ие болды.
"Art Line" модельдік агенттігінің директоры Мәдина Ахметбаеваның айтуынша, Аиша таланттар байқауында лезгинка биін билеп, эксклюзивті ұлттық көйлек киіп Қазақстанды таныстырып, әр қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етті.
- Аиша біздің үмітіміз бен тілектерімізді ақтады. Алдағы уақытта онымен біз көптеген жоспарлар құрып отырмыз, - дейді Мәдина Ахметбаева.
Аиша үшін бұл бірінші жеңіс емес. 2017 жылы ол "Кішкентай Мисс Қарағанды", содан кейін "Mini Miss Grand Prix Russia 2018" атақтарын иеленген болатын. Модельдік агенттікте ол 3 жылдан бері айналысып келеді. Сондай-ақ, Аиша би билеп, фортепианода ойнайды.
- Мен жеңіске жетемін деп сендім, нәтижесінде осы байқауда жеңіске жеттім. Иә, қиын болды, біз оған 2 айдан астам уақыт дайындалдық. Қарсыластарым да мықты болды, бірақ менің биімді қазылар алқасы ең жақсы және күрделі деп таныды. Мен барлық қатысушыларға сыйлықтар сыйладым, - дейді "Әлемнің кішкентай аруы".
Аиша Әбенова 2011 жылы 13 маусымда Қарағандыда туған. Ол "Art Line" Модельдік агенттігі ұйымдастырған фото және бейне түсірілімдерге бірнеше рет қатысқан. 2018 жылы Қазақстан Астанасының 20 жылдығына арналған "Өмір тарихы" атты деректі фильміне түсті.