
Саран қаласында облыс бойынша алғашқы 120 пәтерлік көпқабатты үй салынуда. Олардың бір бөлігі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.
Мұндай пәтерлер 1 қабатта орналасады. Әрқайсысында арнайы ванна мен тұтқалар орнатылған біріктірілген санитарлық тораптар болады. Кеңейтілген есік ойықтары арбаға таңылған мүгедектерге бөлмелерде еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Кіреберісте көтергіштер немесе пандустар орнатылады.
Алты кіреберісі бар көпқабатты үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жерден жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі 15 адам баспана алады.