Станиславский театры Халықаралық Буин фестивалінің дипломын иеленді

Станиславский театры Халықаралық Буин фестивалінің дипломын иеленді

К. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры Буинск қаласында (Татарстан) өткен xалықаралық фестивальде өнер көрсетті. Әзірбайжандық режиссер Микаил Микаиловтың Нил Саймонның пьесасы бойынша қойған «Дураки» аттракцион-спектаклі беделді сыншылардың оң бағасын алды. Дипломнан басқа, бұл сапар барысында қарағандылық ұжым басқа да нәтижелерге қол жеткізді – Станиславский театрының әртістерін Башқұртстанға гастрольге шақырды.
«БУА: диалог кеңістігі» ұлттық театрларының ІІІ Халықаралық фестивалі өзіндік шығармашылық марафонға айналды. Шара өткен күні Ресей, Украина, Өзбекстан, Эстония, Түркия, Иран және т. б. таяу және алыс шетелдерден 27 ұжым келіп өнер көрсетті.
Фестиваль аясында «Қазақстан Күні» ұйымдастырылды. Онда еліміздің үш қаласынан – Қарағанды, Ақтөбе және Көкшетаудан барған актерлер өнер көрсетті.
- Біздің репертуардан фестиваль бағдарламасына сарапшылар «Дураки» спектаклін таңдады. Қойылым ерекше және өте жақсы қабылданады. Буинск және Дрожжанов көрермендеріне де ұнады. Спектакль «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының сарапшыларынан құралған фестиваль сыншылары алқасының жоғары бағасына ие болды», - деді К.С. Станиславский атындағы театр директоры Дунай Еспаев.
Актерлердің айтуынша, көрермендер аудиториясында ересектерге арналған спектакльге келген балалардың әсері ерекше қуантты.
- Біз кейде ересектердің өзі қабылдамайтын қойылым сәттері балаларға ерекше әсер еткенін көріп, қатты қуандық. Кішкентай көрермендерге барлығы түсінікті болды. Ал балаларды алдау қиын екенін білесіздер. Сондықтан бұл жоғары баға деп білеміз, - деп атап өтті Денис Цветков.
Фестивальге қатысу театрға шығармашылық қарым-қатынас пен жаңа танысулардан басқа да жаңа белестер ашты. Башқұртстан продюсері үлкен гастрольдер өткізу үшін «Ақымақ» спектаклін сатып алды. К. Станиславский атындағы театр репертуарынан ересектер мен балаларға арналған тағы да бірнеше қойылым таңдалады. Директордың айтуынша, гастрольдік тур күздің басында, жазғы үзілістен кейін өтуі мүмкін.
Қарағанды театры Нови-Сад қаласында (Сербия) өтетін фестивальге шақырту алды.

Фото buinsk-tat.ru және karaganda-region.gov.kz