Қарағандылық оқушылар үшін соңғы қоңырау соғылды

Қарағандылық оқушылар үшін соңғы қоңырау соғылды

Қарағандыда соңғы қоңырау соғуға арналған жалпықалалық мерекесі өтті. Тәуелсіздік алаңында түлектерді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтады.
- Құрметті түлектер, сіздерге алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындалуын тілеймін! Біздің танымал қарағандылықтардың қатарында алдағы уақытта сіздердің де есімдеріңіз болатынына үміттіміз!, - деді ол.
Салтанатты жиында мектеп түлектері Нұрлан Әубәкіровке «Түлектер тұғыры» кітабын сыйға тартты. Бұл кітапта түлектер болашақтарын қалай елестететіні туралы жазылған эсселер жинақталған.
Түлектер құрметіне қаламыздың хореографиялық және вокалдық ансамбльдері өнер көрсетті. Ал жас мұғалімдер флешмоб ұйымдастырды. Түлектердің өздері болса, қаламыздың басты алаңында вальс биледі.
Биылғы жылы Қарағандыда 11-ші сыныпты 2097 оқушы аяқтады.
Олардың арасында 54 түлек «Алтын белгiге» үмітті. 46 түлек – үздік аттестат иегерлері, сондай-ақ жүзден астам республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары.