Балаларды қорғау күніне орай Абай атындағы кітапхана АРТ-фестиваль әзірлеуде

Балаларды қорғау күніне орай Абай атындағы кітапхана АРТ-фестиваль әзірлеуде

1 маусымда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында «Даңғылдағы жаз» атты кітапханалық АРТ-фестиваль өтеді. Басталуы 11.00.
Фестивальге қатысушылар үшін қолданбалы өнер бойынша «АРТ-талант» шеберлік сыныбы ұйымдастырылады.
- «Шуақ» шығармашылық студиясының өкілдері біздің кішкентай оқырмандарымызды түрлі материалдардан бұйымдар жасауды үйретеді. Сонымен қатар балалар «Әдеби дартс» ойнына қатысады. Бұл викторинада балалар өздерін тек мықты мерген ретінде ғана емес, әдеби шығармаларды қаншалықты жақсы білетіндерін көрсете алады. Сондай-ақ біз өзіміздің оқырмандарымыз үшін киіз үй жинау бойынша шеберлік сабағын өткіземіз, - деді Абай атындағы кітапхананың иннновациялық-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Сәуле Жүсіпова.
Ал самокаттары барларға Абай атындағы кітапхана ұжымы қимылды ойындар әзірлейді. «Ойнай отырып, кітап оқимыз» атты эстафетасы «Самокатпен жүру» және «Әріпті білемін», «Кітапты тап», «Жылан» деген байқаулардан құралады.
Сәл ересектеу балалар үшін «Күндердің күнінде, кітапханада» деп аталатын квест ұйымдастырылады. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкердлері туралы мағлұматтар жазылған әдебиеттік маршруттық парақшаның көмегімен балалар кітапхананың ішінде саяхаттайтын болады. Квест тізімінде «Қалың-қарағайлы орман», «Қасиетті құдық», «Сиқырлы сарай», «Кітаптар лабиринті», «Қазына аралы» орындары болады. Оқырмандарға белгілер орнатылған кітап сөрелерін табу ұсынылады.
Шаралар туралы толығырақ ақпаратты келесі нөмірлер бойынша білуге болады: 41-23-25, 41-23-26.