Қарағандылық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Азия Чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қарағандылық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Азия Чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қарағандылық Жандос Мадехиянов қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатында бірінші орын иеленді. Жарыс Уфада өтті.
Жандос Мадехиянов – ушу саньда спорт шебері, ушу саньда бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Чемпионатта ол 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
- Мен үш жекпе-жек өткіздім, біріншісі жергілікті спортшымен, екіншісі Қырғызстаннан келген қатысушымен, финалдық жекпе-жекте Өзбекстаннан келген спортшымен кездестім, - дейді спортшы.
Бұдан бұрын Жандос Мадехиянов ушу бойынша Қазақстан чемпионатында "алтын" жүлде ұтқан болатын. Қазір ол қазан айында Шанхайда өтетін Әлем чемпионатына сапарға дайындалуда.