Гоголь атындағы кітапханада жыл сайын ұйымдастырылатын «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Гоголь атындағы кітапханада жыл сайын ұйымдастырылатын «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Кітапхана түні» акциясы бүгін, 24 мамырда Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өтеді. Қонақтар үшін 10 шығармашылық алаңдар әзірленіп, ұнаған кітаптарды өзімен бірге алып кетуге рұқсат етіледі.

Келушілерді арнайы "Welcome-аймақта" сусындарымен қарсы алады. Оларға коктейль қандай ингредиенттерден жасалғанын табуға тура келеді.
Зияткерлік ойын әуесқойлары үшін ұйымдастырушылар "Брейн-ринг" алаңын дайындады. Бұл жерде «Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап сайысына және «Маған не оқығаныңды айт, мен саған кім екеніңді айтамын» атты тест-ойынға қатысуға болады.
Сондай-ақ кітапханада ғарыш аппараттарының аумағы, караоке ұйымдастырылып, рэп-баттлге қатысуға болатын алаңдар жұмыс істейтін болады.
Акция соңында би кеші мен мерекелік салют ұйымдастырылады.
Қонақтарды шараға қатысуға сағат 20.00-ге шақырады. Кіру тегін.