
Жезқазған қаласында Ғарышкерлер орталық гүлзары қалыпқа келтіріліп жатыр. Абаттандыру жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қалыпқа келтірілетін аумақтың жалпы ауданы шамамен 20 000 м2 құрайды. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу «Қазақмыс» компаниясының инвестициялары арқасында мүмкін болып отыр. Бас мердігер - «Ютария LTD» ЖШС.
- Бұл гүлзар біздің қаламыздың басты нышаны болып саналады. Қалыпқа келтірілген соң ол үш тақырыптық бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі – тарихи, біздің өлкеміз туралы сыр шертеді, - дейді «Ютария LTD» ЖШС бас директоры Сәуле Шауенова.
Гүлзардың қалған екі бөлігі қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталады. Мұнда ұзындығы 6 шақырымды құрайтын жүгіру және велосипедтерге арналған жолдар жасалады. Жасөспірімдерге арналып скейтпарк орнатылады. Ал қаланың ең кішкентай тұрғындары үшін ойын алаңдары мен ойын-сауық аумақтары жабдықталады. Сонымен қатар бұл жерде субұрқақ қалпына келтіріліп, 5000 жуық өсімдіктер отырғызылады.
Барлық жұмыстарды мердігерлер шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр. Жаңартылған гүлзарды Елорда күніне орай 6 шілдеде қолданысқа беріледі.