Спорт алаңын қалпына келтірген қарағандылықтарға доп пен волейбол торы сыйға тартылды

Спорт алаңын қалпына келтірген қарағандылықтарға доп пен волейбол торы сыйға тартылды

Осевая көшесіндегі № 6 үйдің тұрғындары үш жыл қатарынан өз ауласын жөндеп келеді. Олар ескі балалар алаңын қалпына келтіріп, волейбол алаңын жаңартты.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов аула тұрғындарымен кездесті. Ол басқарма тарапынан сыйлық ретінде волейбол доптары мен тор табыс етті.
- Маған Facebook-тегі парақшама осы аула тұрғындарының бірі базған болатын. Ол мені өз күштерімен жасаған алаңды көріп қайтуға шақырды. Бұл мені шынымен де қызықтырды. Менің балалық шағымда бізге, балаларға, жазда футбол және қыста аулада хоккей ұйымдастырған ересек тұрғындар болды. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін осындай дәстүрді қайта жандандырғымыз келеді, - деді Дмитрий Карпов.
Тұрғындардың өздері - балалар болсын, ересектер болсын үнемі волейбол ойнайды екен. Жаңадан құрылған алаңға жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да келе бастаған. Демалыс күндері мұнда жарыстар ұйымдастырылады.
- Ұзақ жылдар бойы бұл алаң иесіз жатты. Екі жыл бұрын мен "Туған жер" бағдарламасы туралы білдім және ол туралы көршілеріме айтып бердім. Біз өз аулаларымызды абаттандыруды шештік. Алдымен балалар алаңын, содан кейін спорт алаңын жасадық. Бізде өз ұранымыз бар: "Қолымыздан келгенінше өзімізге де, қаламызға да көмектесеміз". Мен әлеуметтік желілерде өз аулаларының жағдайына шағымданатын, бірақ өздері жақсы болу үшін ештеңе жасамайтын адамдармен келіспеймін, - дейді Осевая көшесі №6 үйдің тұрғыны Олег Гарницкий.
Биылғы жылы тұрғындар үлерінің маңындағы қараусыз қалған футбол алаңын да қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Онда ересектермен волейбол ойнай алмайтын балалар ойнайтын болады.