Қарағандыда аналардың тұлғалық өсуіне арналған тренинг өтті

Қарағандыда аналардың тұлғалық өсуіне арналған тренинг өтті

Қарағанды қаласында аналарға арналған тренинг өтті. Спикерлер дұрыс тәрбие, отбасы және жеке тұлғалық өсу туралы айтты.
"Дарынды ана. "Ана стиліндегі өмірді" форумын жеті баланың анасы, "Алтын алқа" төс белгісінің иегері және "Дарынды Бала" дамыту балалар орталықтары желісін құрушысы Айнагүл Хамитова ұйымдастырды.
Форумда спикерлер ретінде Айнагүл Хамитованың өзі, психология ғылымдарының докторы Айжан Изақова, "Шахтер" ФК балалар жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья Сухорукова, "Атамекен" ҰКП Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Жанаргүл Құлмағамбетова және т.б. сөз сөйледі.
Форум аясында миллион теңге көлемінде грант алуға конкурс жарияланды. Оған қатысу үшін 1 шілдеге дейін өтінім беру қажет. 1 тамызға дейін "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, 10 қыркүйекке дейін өз бизнес-жоспарын қорғау керек.
Сонымен қатар, форум қатысушыларына "Дарынды бала" дамыту орталықтары базасында құрылған "Дарынды Ана" коворкинг-орталығының жұмысы туралы айтылды. Мұнда тұрақты тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Сонымен бірге онда аналар жұмыс істеуге мүмкіндік алуы үшін бала күтушілерінің қызметін ұсынады. Коворкинг-орталықта сондай-ақ көп балалы аналарға кеңес беру және психологиялық көмек көрсетіледі.