Қарағандылық жетінші сынып оқушысы «Тұлпар мініп, ту алған!» конкурсының республикалық кезеңіне қатысады

Қарағандылық жетінші сынып оқушысы «Тұлпар мініп, ту алған!» конкурсының республикалық кезеңіне қатысады

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 6–10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді. Оған Қарағанды өңірінен 20 оқушы қатысты.

Байқау шарттарына сәйкес Едіге батыр туралы 50 беттен тұратын жыр оқу керек болды. Қазылар алқасы жырды есте сақтап қана қоймай, тілдің мағынасы мен тазалығын жеткізе білуді де ескерді.

Бірінші орынды Қарағанды қаласының №86 ЖББМ 7-сынып оқушысы Сабина Аманбекова алды. Ол байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

Екінші орынды қарағандылықтар – Жамбыл атындағы ММИ 9 – сынып оқушысы Айым Базарбай және және мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Ғибрат Мұратханұлы өзара бөлісті.  Үшінші орын Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББМ алтыншы сынып оқушысы Ақерке Еділханға (Қарқаралы ауданы), Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оныншы сынып оқушысы Бабахан Ниханберлинге (Балқаш қ.) және №1 ЖББМ алтыншы сынып оқушысы Ұлболсын Жүрсінге (Жезқазған қ.) бұйырды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен, ал жетекшілері оқушыларды байқауға дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.