Нұра ауданының Шахтерское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұра ауданының Шахтерское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталмыш нысан Шахтерское ауылын және округтің барлық аумақтарына қызмет ететін болады.
Ауылда қазіргі таңда 1015 адам тұрады, елді мекенде 372 тұрғын үй, мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі орналасқан.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы 28 мамырда өтті. Салтанатты жиын барысында өрт сөндіру техникасының жауынгерлік дайындығы көрсетілді.
Нұра ауданының ТЖБ қызметкерлері егін науқаны кезінде даладағы алқаптарда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде нұсқамалар берді. Өрт сөндіру бекетінің жұмыскерлері үшін тілсіз жауды құрықтау және өрт сөндіру-техникалық жабдықтарды қолдану ережелерін үйрететін тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Қарағанды облыстық ТЖД таратқан ақпарат бойынша