Қарағанды Университеті Ағылшын тілі бағдарламасының жеңімпазы атанды

Қарағанды Университеті Ағылшын тілі бағдарламасының жеңімпазы атанды

арағанды медицина университеті Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру Қорымен (Shakhmardan Yessenov Foundation) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қыркүйек айында ЖОО-да ағылшын тілінің екі жылдық бағдарламасы басталады.
Қор осы бағдарламаға қатысуға байқау өткізді. Сарапшылар өңірлік жоғары оқу орындарынан келіп түскен 16 өтінімді қарастырды. Олардың төртеуі ақтық сайысқа шығып, нәтижесінде Қарағанды медицина университеті жеңімпаз атанды.
Қор директоры Айғаным Мәлішеваның айтуынша, ЖОО жеңімпаз ретінде таңдауда оқу ордасының стратегиясы, бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған базасы, оқу бағдарламасы ықпал етті.
Қыркүйек айында бағдарламаға қатысушылар іріктеледі, ал қазан айында тіл тасымалдаушылар оқытуды бастайды. Екі жыл ішінде гранттар бойынша университет студенттерін, оқытушыларын, магистранттарын және докторанттарынан құралған 160 адамды оқыту жоспарлануда.

kgmu.kz