
Қарағандыда 7500 оқушы жыл сайын ұйымдастырылатын «Оркестрлер шеруіне» қатысады. Сап түзеген колонна Тәуелсіздік алаңынан бастау алып, кеншілер мәдениет сарайына дейін жүріп өтеді. Сонан соң қатысушылар Орталық мәдениет және демалыс саябағына өтіп, концерттік бағдарламаға қатысады.
Барлығына ортақ бір әуенді қазақ және орыс аспаптарында, ішек және үрмелі аспаптарда ойнайтын ансамбльдер, №58 мектептің барабаншы кадеттері және басқа да ұжымдар орындайды. Шеруді сонымен қатар хореографиялық ансамбльдердің, «Волшебная страна», «Искорка» тәрбиеленушілері мен 2500-ден астам мажореткалар сүймелдейді.
Шеруге қатысушылардың барлығы 100 адамнан құралған тіктөртбұрыш пішіндес саптар құрайды. Шерудің басталуы 1 маусым 10:00.
Оркестрлер шеруі Қарағандыда 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Ең алғашқы шараға 2200 музыканттар қатысқан болатын.