Қадір түні қарсаңында Қарағандыда тегін автобустар жүреді

Қадір түні қарсаңында Қарағандыда тегін автобустар жүреді

Қарағандылықтар бүгін № 56 және 43 қалалық автобустарда тегін жүре алады. "Тегін жол ақысы" акциясын Қадір түні қарсаңында №3 автопаркпен бірге Бала Қажы атындағы мешіт ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні "Оразаларыңыз қабыл болсын!" деген банерлері бар автобустарда тегін жүруге болады.
Қадір түні - мұсылмандар үшін ерекше қасиетті түн, ол қасиетті Рамазан айында өтеді.
Қадір түні өтетін күн жыл сайын өзгеріп отырады. Әдетте ол Рамазан айының соңғы он күнінң бірінде болады. 2019 жылы Қазақстан мұсылмандары қасиетті Қадір Түнін 31 мамырдан 1 маусымға қаранаған түні қарсы алады.
Осы түнде мұсылмандар жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, тәубе етіп, Мұхаммед пайғамбардың есімін еске алады және өздеріне ыңғайлы тілде Алла Тағалаға құлшылық етуі тиіс. Әл-Қадыр түні ір пенде жүрегіне иман ұялатып, істерінде жігерлік пен шыдамдылық танытулары керек.