Қарағандыда Александр Чижевскийге мемориалдық тақта орнатылды. Ол Ленин көшесіндегі 17 үйде орнатылды, онда дүниежүзіне аты танымал ғалым 1954 жылдан бастап өмір сүрген.
Мемориалдық тақтаның авторы, Суретшілер Одағының мүшесі Виктор Арент Александр Чижевскийдің портретін бетон бетіне бедерлі етіп, қашап жасаған. Шебер осындай танымал тұлғаны бейнелеу оңай болмағанын мойындады. Бұл күні сонымен қатар Чижевскийдің суреттер көрмесі де ұйымдастырылды. Танымал тұлғаның картиналарын Олбыстық бейнелеу өнері мұражайы ұсынды, оның қорында 19 жұмыс сақталған. Экспозиция Bolashaq университетінің әкімшілік корпусының холлында орналасқан.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мемориалдық тақтаның ашылуы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралардың бір бөлігі болғанын атап өтті.
- Жас мемлекеттің қалыптасуы үшін тарихи естелік өте маңызды. Жастар тарихымыздың қайғылы беттерін біліп, есте сақтау керек, облыс әкімдігінде Қарағандыда бірнеше мемориалдық тақталарды орнату қажет деген шешім қабылданды. Олардың бірін біз бүгін ашамыз. Сондай-ақ жақын арада қалада "Алаш орда" қозғалысының қатысушысы, мемлекеттік қайраткер Әлихан Ермековке арналған мемориалдық тақта пайда болады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Александр Чижевский - ғарыштық жаратылыстанудың, аэронификацияның, электрогемодинамиканың негізін қалаушылардың бірі, Нобель сыйлығының номинанты, философ, музыкант, ақын, өнертапқыш және суретші. Атақты ионикалық «Чижевский люстраларының» авторы. 1950 жылы қаңтарда ғалым Қарағанды қаласына жер аударылған. 1954 жылдың маусымында ол қамаудан босатылды. Алайда ғалым Қарағандыда қалуға бел буған. Александр Чижевский Ленин көшесіндегі 17 үйде тұрды. Мұнда ол облыстық клиникалық ауруханада, қан құю станциясында зертханада жұмыс істеді. Сонымен қатар, онкодиспансердің клиникалық зертханасының меңгерушісі, Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында ғылыми кеңесші болды.
- Александр Чижевский 20 ғасырдағы ғылым Леонардосы деп атады. Оның әзірлемелері әлі күнге дейін қолданылады және адамдарға пайда әкелуде. Біз тағдыр тәлкегіне түскен ұлы адам туралы естелік қалдыру үшін мемориалдық тақта орнаттық, - деді "Карлаг- Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" ғылыми – зерттеу орталығының жетекшісі Нұрлан Дулатбеков.