Қарағандыда Балаларды қорғау күні атап өтіледі

Қарағандыда Балаларды қорғау күні атап өтіледі

1 маусым күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында кейбір аттракциондар тегін болады. Оған 14 жасқа дейінгі балалар бара алады.
Билетсіз "Ромашка", "Шолу дөңгелегі", "Тосын сый" аттракциондарына және балалар темір жолына түсуге болады.
Сондай-ақ, мереке құрметіне саябақта балалар шығармашылығы орталықтарының фестивалі өтеді. Каскад алаңында шаш бұрымын өру, Хна, аквагрим салу, фотосурет және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сыныптар ұйымдастырылады.
Парк аумағында менталдық арифметика, мектепке дейінгі даму және оригами бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Балаларға биік қуыршақтар тәтті-дәмділер сыйлайды. Сахнада көрермендер театрландырылған көріністі тамашалайды. Фестивальдің басталуы 11.00
Жаңа Майқұдық МҮ-де сағат 11.00-де концерттік бағдарлама басталады. Салтанатты шарадан соң балалардың қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Содан кейін эстафета, қуыршақтар мен ертегі кейіпкерлерімен ойын бағдарламасы басталады.