
Қарағанды облысының Жәйрем кентінде бокс залы ашылды. Боксшылар жаңа залда қоныс тойын атап өтіп, 2007-2008 жылы туған балалар арасында Жәйрем кентінің біріншілігін ұйымдастырды.
Турнирге қатысушылар «Казцинк» компаниясы мен жергілікті биліктің арқасында спортшыларға сыйға тартқан жаттығу залына жоғары баға берді.
Рымғали Хасенұлы Мұздыбаев кентте тұратын 70-ке жуық баланы жаттықтырады. Оның тәрбиеленушілері өте жақсы нәтиже көрсетуде. Мысал ретінде ұлттық құраманың құрамына кіретін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виолетта Князеваны келтіруге болады.
Тәлімгер мен оның шәкірттері осыған дейін жергілікті мектепте немесе Мәдениет үйінде жаттығып келген. Енді оларда тұрақты түрде жаттығуға арналған тамаша бокс залы пайда болды. Негізінен бұл залда былғары қолғап шеберлері жаттығатын болады. Сонымен қатар мұнда балуандар мен спорттық ойын түрлерімен шұғылданатын әуесқойлар үшін мүмкіндік қарастырылған.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша