Қарағанды теміржол вокзалындағы қайта құру жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр

Қарағанды теміржол вокзалындағы қайта құру жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр

Қарағанды теміржол вокзалында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бүгін жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді.
Жұмыстар кестеге сай өтуде. Қазірдің өзінде құрылысшылар ғимараттың жаңа қанатына тіректер орнатып үлгерген. Бірінші қабаттың қабырғалары да дайын болды, дейді мердігерлер. Алдағы күндері кәріз бен электр желілері салынады деп күтілуде.
Вокзалдың ескі бөлігіндегі орталық кіре берісте қосымша құрылыс пайда болды. Онда тексеру бөлмесі орналасатын болады.
Сонымен қатар перронда қалқанша шатыр салына бастады. Болашақта темір жолдардың үстімен өту үшін тоғыз метрлік эскалатор мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифтілерге тапсырыс берілді.
Вокзалдың ескі бөлігінде орналасқан күту залдарында жөндеу жұмыстары аяқталды. Ескі барельефтер қалпына келтірілді және қабырғалар қайта әшекейленді.
Ерлан Қошановқа сондай-ақ құрылысшылар автовокзалды қайта жаңарту жобасын ұсынды.
- Теміржол және автовокзалдар бірыңғай сәулет стилінде орындалуы тиіс. Темір жол вокзалын қайта құру аяқталғаннан кейін бірден автовокзалды жөндеуге кірісу керек. Күту залының құрылысы мен жөндеуін жолаушыларға ыңғайсыздық туғызбау үшін қазан айында аяқтауға тырысыңыздар, - деді аймақ басшысы.
Теміржол вокзалын қайта құру кесте бойынша қараша айында аяқталуы тиіс. Алайда, "КамСтрой" ЖШС мердігер фирмасының бас инженері Айбек Қабдуллин мәлімдегендей, құрылысшылар жөндеу жұмыстарын мерзімнен бұрын аяқтау үшін бар күш-жігерін жұмсамақ.
Қайта жөндеуден кейін вокзал екі есе көп жолаушылар қабылдай алады деп жоспарлануда. Мұнда сондай-ақ ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған перрондар мен лифтілерге апаратын арнайы өткел пайда болады.