Қарағандыда «Мұражайдағы ойыншықтар әлемі» көрмесі ашылды

Қарағандыда «Мұражайдағы ойыншықтар әлемі» көрмесі ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Мұражайдағы ойыншықтар әлемі» атты көрме ашылды. Шара Балаларды қорғау күніне арналды.
Көрме ұйымдастырушылары балалардың ойыншықтары – кез келген мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтеді. Олар ұлттық дәстүрлер мен географиялық ерекшеліктерді бейнелейді. Бұл миниатюрадағы өмір іспеттес.
- Ойыншықтарды таңдау ерекше жауапкершілік қажет. Олар бір жағынан баланы қызықтыру керек болса, екінші жағынан – әлем туралы түсініктерді бұрмаламай, оны дамытып, жан дүниесін байытуы тиіс. Ең көне ойыншықтардың бірі – ол қуыршақ. Көрмеге Кеңес дәуіріндегі және 90-шы жылдардың басындағы ойыншықтар қойылды, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Динара Сақымбай.
Экспозицияда 115 ойыншық жиналған. Оларды мұражай қызметкерлері әр жылдар бойы жинаған. Ең ескі жәдігер - 1964 жылы емен ағашының жоңқасымен толтырылған пүліш аюы. Қалған ойыншықтар 1970-1980 жылдары жасалған. Көбінесе олар 1980 жылғы Олимпиадаға және басқа да тақырыптағы белгілі бір оқиғаларға арналады. Көрмеде 1980 жылдары Осакаровка жиһаз фабрикасында жасалған ағаш ойыншықтар – «Чайка» машиналарының модельдері, жүк көліктері, балалардың жиһаздарын көруге болады.
«Мұражайдағы ойыншықтар әлемі» атты ойыншық көрмесі 30 шілдеге дейін жалғасады.