«Арманға жол» жартылай марафонында жиналған ақша балаларды емдеуге берілді

«Арманға жол» жартылай марафонында жиналған ақша балаларды емдеуге берілді

«Арманға жол» жартылай марафоны кезінде жиналған ақша 4 жасар Арина Гончароваға және Настя Касперге беріледі. Жартылай марафонға бастапқы пакеттерді сатудан барлығы 380 мың теңге жиналған.
Барлық жиналған сома қайырымдылыққа жұмсалатыны туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов жүгіру басталғанға дейін мәлімдеген болатын.
- Ем алуды қажет ететін балаларға ақша беретінімізді жариялағаннан кейін Анастасия Каспер бізбен хабарласқан болатын. Олар қызының еміне ақшаның бір бөлігін беруді сұрады, біз келістік. Ал Арина Гончарованың емделуіне қаражат жинауға көмек қажет екендігі туралы хабарландыруды Дмитрий Карповтың өзі көрген еді, - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Квиринг.
Арина Гончарованың бүйрегінде қатерлі ісік табылған. Ауруды емдеу үшін 5 600 000 теңге қажет. Настя Касперде - порталды гипертензия немесе жқақпалық көктамыр жүйесіндегі жоғары қан қысымы синдромы.
Естеріңізге сала кетейік, 19 мамырда Қарағандыда «Арманға жол» жартылай марафоны өтті. Оған Қазақстан, Украина, Қырғызстан және Беларусь Республикасынан жиналған бес мыңнан астам адам қатысты.