
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Jas Otan Жастар қанаты «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығын жариялады.
Байқауға бүкіл Қазақстаннан 16–35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер 28 қарашаға дейін JastarOtanga21@gmail.com электрондық поштаға қабылданады.
Өтінімдерді келесі номинациялар бойынша беруге болады:
1. «Жылдың волонтерлік жобасы».
2. «Үздік студенттік жоба».
3. «Jas Otan» ЖҚ Жыл белсендісі».
4. «Жас батыр».
5. «Жыл еріктісі».
6. «Әлеуметтік желілерде волонтерлікті үздік ілгерілеткені үшін».
7. «Jas Otan» ЖҚ үздік өңірлік филиалы».
Өтінім беру талаптарымен www.jasotan.kz сайтында танысуға болады. Конкурс туралы толығырақ ақпаратты келесі телефон бойынша білуге болады + 7-707-105-79-73 (Аблайхан). Қоңыраулар сағат 18:30 дейін қабылданады.