«Еңбек» бағдарламасы қарағандылық кәсіпкерге матрас өндірісі бойынша бизнесін кеңейтуге көмектесті

«Еңбек» бағдарламасы қарағандылық кәсіпкерге матрас өндірісі бойынша бизнесін кеңейтуге көмектесті

Жұмсақ жиһаз және матрас өндіретін «Фламинго KZ» Қарағанды жиһаз фабрикасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының көмегімен өндірістік жабдықты жаңарта алды. 6%-бен несиенің арқасында кәсіпорын өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік алды.

Компания өзі туралы 20 жыл бұрын мәлімдеді. Бастапқыда жұмсақ жиһазға баса назар аударылды. 2016 жылы кәсіпорын директоры Дүйсен Бұлымбаевқа өңірді отандық сапалы матрастармен қамтамасыз ету идеясы келді.

Фабрикада матрас өндірісі толық циклден, яғни ортопедиялық серіппелі блокты дайындаудан бастап дайын өнімді орауға дейін өтеді. Компания шикізат пен фурнитураны жетекші өндірушілерден сатып алады.

Қызмет басында кәсіпкер қиындықтарға тап болды. Қарағандылық тұтынушыға отандық өнім шетелдік өнімнен еш кем түспейтінін дәлелдеуге тура келді.

– Бізді қазір біледі, сондықтан біз клиенттердің сенімін сақтауымыз керек. Несие қаражатының көмегімен материалдар сатып алып, жабдықтарды жаңартуды, сол арқылы қуаттылықты арттыруды және үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – тек біздің өңірде ғана емес, бүкіл Қазақстанда танымал брендке айналу, – деп бөлісті Дүйсен Бұлымбаев.

«Даму» КДҚ» АҚ Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының ақпараты бойынша