Қарағандылықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады

Қала тұрғындары мен қонақтарын сенбі, 8 маусымда ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Ол Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 35/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Сарыарқа» сауда үйінде өтеді.

Жәрмеңкеге өз тауарларын ауылшаруашылық өнім өндірушілері ұсынатын болады. Сатып алушылар ет, сүт өнімдерін және көкөністерді базардағыдан төмен бағамен сатып ала алады.

«Сарыарқа» сауда үйіне дейін №№ 01, 012, 014, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 қоғамдық көліктерімен жетуге болады.