Қарағанды автовокзалынан елордаға автобус жүре бастайды

Қарағанды автовокзалынан елордаға автобус жүре бастайды

26 қарашадан бастап Қарағанды – Нұр-Сұлтан қалааралық автобус бағыты бойынша қозғалыс жаңғыртылады. Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметі хабарлағандай, автобус күн сайын жүріп, Осакаровка арқылы өтетін болады.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн ішінде онлайн брондауға және сатып алуға болады.

instagram.com