Қарағандыда еліміздің бірнеше қалаларынан келген семсершілер өзара бақ таластырды

Қарағандыда еліміздің бірнеше қалаларынан келген семсершілер өзара бақ таластырды

Қарағандыда 13 жасар спортшылар арасында семсерлесу бойынша республикалық біріншілік өтуде. Бұл спорт түрі облысымызда жуырда ғана дами бастады, дегенмен табысты өнер көрсетіп жатқан спортшыларымыз бар. Сайысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 100-ден астам жас семсершілер жиналды.
- Семсерлесу бөлімін біз 2003 жылы аштық. Ол кезде секцияда 25 бала жаттығатын, ал қазір тәрбиеленушілеріміздің саны 116 болды. Ілгерілеп бара жатқанымыз айтпай-ақ та көзге көрініп тұр. Қазақстан чемпионаты бірінші рет ұйымдастырылып отыр, оған 2005-ші жылы туылған балалар қатысуда. Бұл біріншілік Қарағандыда өтіп отырғаны қуанышты, - дейді «Жалын» қарағандылық спорт мектебінің жетекшісі Майра Исаева.
Жас семсершілер үш түрлі сайысқа түсті: семсер, қылыш, рапира. Біріншіліктің алғашқы күнінде қарағандылықтар жақсы нәтиже көрсетіп үлгерді. Қылышпен өнер көрсеткен қыздар жалпы командалық екінші орынды иеленді, ал ұлдар үшінші орынға қол жеткізді.
Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша