Қарағандыдан Мәскеуге тікелей рейсті «ИрАэро» компаниясы жүзеге асырады. Рейстер тұрақты болады, аталмыш әуе қатынасына билеттер сатылымға шығарылды.
Маусымның 1-нен 18-не дейін «ИрАэро» компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Мәскеуге, Жуковский әуежайына бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Ал 18 маусымнан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі аралығында ұшып отырады. Қарағандыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 9: 00-де ұшып шығатын борт межелі пунктке Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:05-те келеді. Ұшу 3 сағат 5 минутқа созылады.
Билеттер «ИрАэро» компаниясының ресми сайтында сатылуда. Қайтару және айырбастау мүмкіндігі бар стандартты билеттің құны – 12 756 рубль (шамамен 75 400 теңге).
2016 жылы «ИрАэро» әуетасымалдаушы Қарағандыдан Новосибирск қаласына тұрақты рейстерді орындаған болатын.
Сондай-ақ Қарағандыдан Мәскеуге «Аэрофлот» компаниясының ұшағымен де ұшуға болады.