Сува қаласында (Фиджи аралы) жастар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. 19 жасар қарағандылық Артем Антропов әлемдік біріншілікте қоссайыс сомасында екінші орынға ие болды.
Күміс жүлдегер облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Иван Снегуровтың жетекшілігімен жаттығады.
Жақында Қазақстан чемпионатында Артем Антропов жеті рекорд орнатты: жұлқи көтеруде – 155 кг, оқыс серпе көтеруде – 205 кг және қоссайыс бойынша-360 кг.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша