Қарағандыда жас натуралистер форумы өтеді

Қарағандыда жас натуралистер форумы өтеді

11-12 маусымда Қарағандыда «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің республикалық форумы өтеді. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қалалық және облыстық ғылыми жобалар байқауларының 160 жеңімпазы келеді.

Форумда оқушылар бірнеше номинация бойынша үздік зерттеу жобаларын ұсынады. Жұмыс тақырыбы – «Туған өлкені зерттейміз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және «Экоәлем» байқауының бейнесюжеттері. Ең әдемі байқау «жасыл оазистер» деп аталатын экодизайнерлер сайысы болады деп күтілуде. Қатысушылар өсімдік материалдарынан еркін стильде ландшафт жасайды. Сонымен қатар, жас натуралистер үшін «Табиғаттың құтқару шеңбері» атты экологиялық квест дайындалады.
Форумды ұйымдастырушы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РОӘО). Форумның мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.