Бүгін Абай қаласында аудандық соттың фронт-кеңсесі көпшілік назарына ұсынылды. Жаңа нысанда барлығы келушілердің ыңғайлығы үшін және қызмет алу уақытын қысқарту үшін жасалған.
Фронт-кеңсеге Қарағанды облысының әкімі де келді. Ол жаңартылған, жабдықталған бөлмені қарап шығып, жаңа мекемеге оң баға берді. Фронт-кеңсе open-space принципі бойынша ұйымдастырылған. Ол жеке үстелшелері бар бірыңғай ашық кеңістік болып табылады. Бұл үстелдерде мамандар кеңес береді және құжаттарды қабылдайды.
Сондай-ақ мұнда келушілер соттың электрондық деректер базасымен жұмыс істей алатын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Сонымен қатар ғимаратта медиатор мен адвокатқа арналған кабинеттер жабдықталды. Сот отырысы өтетін залдар бейнебақылау камераларымен, дыбыс жазу құрылғыларымен және бейнебайланыс жүйесімен жабдықталған. Аталмыш техниканы процеске қатысушылар сотқа жеке өзі келе алмаған жағдайда пайдаланатын болады.
- Мұнда барлығы адамдар қысқа уақытта өзіне қажетті қызметтерді алу үшін, рәсімдер сапалы және жайлы болуы үшін жасалды. Кеңсенің жұмысаны пайдаланушылар баға береді. Егер келушілер риза болса, біз барлығын дұрыс істеп жатқанымыздың белгісі болады, - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов.
Фронт-кеңселер «Үлгілі сот» бағдарламасы аясында 2018 жылдан бастап құрылуда. Абай фронт-кеңсесі – Қарағанды облысы бойынша ашылып отырған бесінші кеңсе. Осындай қағидат бойынша Шахтинск қаласының екі соттарында, Майқұдық аудандық сотында, Пришахтинскідегі №3 аудандық сотта және Қарағанды облыстық сотында жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін өңірде тағы да 10 фронт-кеңсе ашу жоспарлануда.