Ынтымақ пен Нұра арқылы Қарағанды – Егінді бағыты бойынша автобустардың қозғалысы қайта жаңартылуда

Ынтымақ пен Нұра арқылы Қарағанды – Егінді бағыты бойынша автобустардың қозғалысы қайта жаңартылуда

Қарағанды автовокзалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қарашадан бастап Ынтымақ ауылы мен Нұра кенті арқылы Қарағанды – Егінді бағыты бойынша автобус қозғалысы қайта басталады.

Рейс күн сайын болады. Жүру уақыты – 16:00.

Билеттер Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатылады.

Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын онлайн брондауға және сатып алуға болады.

instagram.com