Қарағанды университетінің студенттерін әлеуметтік-пайдалы жобалар жасауға үйретеді

Қарағанды университетінің студенттерін әлеуметтік-пайдалы жобалар жасауға үйретеді

Қарағанды техникалық университетінде бесінші жыл бойы «Студенттік актив мектебі» жобасы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мұнда 300-ден астам адам білім алды.

Мектеп тыңдаушысы болу үшін бірінші және екінші курс студенттеріне өтінім беріп, «Неге мен САМ жобасының қатысушысы болуға лайықпын» тақырыбына эссе жазу қажет.

– Биыл 150-ден астам өтінім келіп түсті, бірақ олардың 70-і ғана іріктелді. Осы айдан бастап студенттер 5 ай бойы әлеуметтік пайдалы жобаларды құруды үйренеді, көшбасшылық, тайм-менеджмент, медиасауаттылық және басқа да тақырыптар бойынша тренингтер мен мастер-класстарға қатысады. Оқу аяқталғаннан кейін сәуір айында барлық қатысушылар сертификаттар алады. Бұл жоба бірқатар маңызды мәселелерді шешуге үйретеді және көптеген пайдалы идеялар сыйлайды, – дейді «Жас Орда» жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смаилов.

Оқудың ашылуында студенттердің жаңа легі мектепке келу бағдарламасымен және қағидаларымен танысты, сондай-ақ жобаның негізін қалаушылардың бірі Сергей Ивановтың кіріспе тренингін тыңдады.