Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Kreativitat" атты көрме ашылды. Онда үш қарағандылық немістер - Виктор Арент, Ирина Пономарева (Эпп) және Алексей Винтердің шығармашылығы ортаға салынған.
- Бұл мұражайдың қолдауымен ұйымдастырылып отырған біздің "Арт-алаң" Қоғамдық қорымыздың алғашқы көрмесі. Біз үш суретшіні біріктіруді шештік. Мен Виктор Петрович Буштың оқушысымын, ал ол Эйферттің шәкірті. Біз педагогтердің дәстүрін жалғастырамыз, - дейді авторлардың бірі Виктор Арент.
Суретшілерді ұлты ғана емес, заманауи өнерді түсінудегі пікірлері біріктіреді. Сондықтан "Kreativitat" (креативтілік) көрмесінің атауы олардың жаңа идеялармен және көркем эксперименттермен толтырылған тұрақты ізденістегі өз шығармашылығына деген көзқарасын айқын сипаттайды.
- Бұл көрмеде осы үш суретшінің үздік жұмыстары қойылған. Ол көрерменге ой салып, демалуға көмектеседі, - деп өнертанушы Наталья Иванина көрменің ашылу салтанатында өз пікірін білдірді.
Мұражай мәліметтері бойынша, неміс суретшілердің шығармашылығы Қарағандыда 20 ғасырдың 30-шы жылдарынан бері байқалады. Қарағанды бейнелеу өнерінің бастауында көбіне қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілер, оның ішінде негізінен ұлты бойынша немістер болған. Олар көптеген қарағандылық суретшілердің алғашқы ұстаздары болды. Олардың арасында Г. Фогелер, В. Эйферт, П. Фризен, А. Фонвизин, В. Буш және басқалар бар.
Көрменің ұйымдастырушысы-атақты қарағандылық суретші-кескіндемеші және мүсінші Виктор Антонович Арент. Ол "Арт-алаң" Қоғамдық қорының негізін қалаушы және жетекшісі болып табылады, оның басты міндеті – шығармашылық адамдарды біріктіру және жастарға шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға көмек көрсету. "Kreativitat" көрмесі - "Арт-алаңдар" ұйымдастырған іс-шараларының бірі.
Ирина Пономареваның да емісі қарағандылықтарға белгілі. Мұражайда суретшінің үш жеке көрмесі өтті. Ирина Пономареваның жұмыстары біздің елімізде, сондай-ақ Ресейде, Канадада, Германияда, Австрияда жеке коллекцияларда ұсынылған.
– Пейзаждарды жазуда мен үшін ең маңыздысы-композиция емес, мен үшін түс үлкен маңызға ие. Мен көбінесе қандай да бір суретті саламын деп жоспарламаймын. Мен жай ғана бояу әлеміне шомып кетемін, майлы бояу жағудың жаңа техникасын жасап, бөлшектер қосамын. Ал бейненің аздығы көрермендерге ойлауға, армандауға, қиялдауға мүмкіндік береді, - дейді Ирина Пономарева.
Қазақстанның Сәулетшілер одағының мүшесі Алексей Винтер – әзірше Қарағандының бейнелеу өнеріндегі жаңа есім. Алайда, ол өзі туралы қызықты және креативті суретші ретінде сенімді түрде мәлімдейді, оның жұмыстары өз қиялымен және идеяны түстердің, сызықтардың және фигуралардың үйлесімі арқылы бере алады.
"Kreativitat" көрмесі 16 маусымға дейін жалғасады.