Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Атырау қаласында Халық батырлары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты еске алуға арналған жарыс өтті.
Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Қарғандалық Абылайхан Жүсіпов 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Айта кету керек, қазір боксшы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығы үшін күресуде. Бұған дейін ол Софияда өткен беделді турнирде күміс медальға ие болған еді.
Атырауда өткен турнир – Азиядағы ең ірі турнир. Ол AIBA күнтізбесіне (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы), "А" санатына кіреді.