
Жезқазғанда "жасыл экономика" желісі бойынша тұрмыстық қоқысты қайта өңдеу бойынша жобасы енгізілуде. Шетелдік инвесторлар биоэлектростанция салуға ниет білдіруде. Онда тұрмыстық қалдықтардан газ өндірілетін болады.
- «Биоэлектр станциясының құрылысы» жобасын Кеңгір ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан 4,5 га алаңда іске асыру жоспарлануда. Жобаны енгізу бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қоқысты кәдеге жарату және ҚТҚ қайта өңдеу, "Жасыл экономика" технологияларын ілгерілету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру, - дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев.
Жобаның тапсырыс берушісі «Kaz Green Energy» ЖШС болып табылады, ал инвестор словакиялық компания болады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуші – «Қазақ Сантехпроект» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы мүмкін.
jezkazgan.gov.kz