Федоров су қоймасындағы жағажай абаттандырылды. Жаз бойы қала тұрғындары үшін аталмыш демалыс орны тегін жұмыс істейтін болады.
Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері жағажайда 30 ағаш шезлонг пен 10 қолшатыр орнатты. Сонымен қатар био дәретхана мен киім шешетін орын қарастырылған.
- Біз судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аудардық. Жағажайдың периметрі бойынша ескерту және тыйым салатын тақтайшалар орнатылды. Жағалаудан бірнеше метр қашықтықта біз су бетінде қалқып тұратын 15 белгішелер орнаттық. Бұл белгілер одан әрі жүзу қауіпті екенін білдіреді. Қазір құтқарушылар тобын құрып жатырмыз, олар жақын арада өз міндеттеріне кірісуі тиіс, - дейді Қарағанды әкімдігінің «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері Дәуренбек Лесов.
Сонымен қатар жағажайда бес қоқыс бактары орнатылды, оның ішінде қағаз бен пластиктерді жинауға арналған бөлек контейнерлер қарастырылған. Қоқыс аптасына екі рет шығарылады.
1 маусымнан бастап жағажай тәулік бойы күзетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда шомылуға ресми түрде екі су қоймасында рұқсат берілген. Бұл орталық саябақтағы үлкен көлде және Федоров су қоймасында. Аталмыш екі су қоймасы да қауіпсіз деп танылды. Шомылу маусымы барысында онда құтқарушылар кезекшілік етеді.