Қарағанды музейінде «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме ашылды

Қарағанды музейінде «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме жұмыс істейді. Ол ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ.

Көрмеде сирек кездесетін кітаптар, хандардың хаттары, ұлттық орталық қорындағы карталар (көшірмелер) ұсынылған.

Қарағандылықтар мен қала қонақтарының экспозициямен 25 қарашаға дейін танысу мүмкіндігі бар.