
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 20 қарашада қарағандылықтарды қоқыс өңдеу зауытына экскурсияға шақырады. Іс-шара «Бөл, тапсыр және қайта өңде!» жобасының аясында өтеді.
Басқарма қызметкерлері мен экобелсенділер Қарағандыда қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қалай жүргізілетінін және неліктен бұл қазіргі заман шындығында қажеттілікке айналғанын айтып береді.
Көлікті ұйымдастырушылар ұсынады.
Басталуы сағат 11:00.
Экскурсияға мына телефон арқылы тіркелу қажет: +7-775-567-33-50.