«Шахтер» стадионының алаңы ҚР Футбол федерациясының аккредиттеуінен өтті

«Шахтер» стадионының алаңы ҚР Футбол федерациясының аккредиттеуінен өтті

«Шахтер» стадионының алаңы Қазақстан Футбол федерациясының және алаңдар мен стадиондарды инспекциялау жөніндегі комиссияның аккредиттеуінен өтті. Қарағандылық футбол алаңындағы бірінші ойын 16 маусымда өтеді.
Футбол алаңында шөп егіліп, аэрация мен топырақ тыңайтқышын үнемі өткізіп, құрғатуды ретке келтірді. Сондай-ақ стадионда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жексенбі күні, 16 маусымда мұнда бірінші матч өтеді. Қарағандылық "Шахтер" атыраулық командамен кездеседі. Жанкүйерлерге кіру тегін болады, ойынның басталуы 19: 00.
- Біздің команда жақсы дайындалды, ойыншыларымыз Түркия еліндегі теңіз жағалауында жиындарда жаттықты. Әрине, маусымның басы біз үшін аса қолайлы емес еді, себебі біз ҚР чемпионатының фавориттерімен қатарынан үш рет кездестік. Дегенмен, қазір команда 13 матчтың қорытындысы бойынша жетінші орында, менің ойымша, бұл өте жақсы нәтиже, - дейді «Шахтер» ФК атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» стадионының көгалы дайын болмағандықтан, қарағандылықтардың алдағы ойындарды «Астана Арена» стадионында өткен болатын. Алдағы уақытта мұнда шөп жамылғысын жасанды жабынға ауыстыру жоспарлануда. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазір құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберілді.