Гоголь атындағы кітапханада жас оқырмандарға арналған жазғы бағдарлама әзірленді

Гоголь атындағы кітапханада жас оқырмандарға арналған жазғы бағдарлама әзірленді

Н. В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана «Кітапханадағы жаз» бағдарламасын дайындады. Ол маусым айынан тамызға дейін жұмыс істейтін болады.
Балалар мен жасөспірімдерді дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейінгі уақыт аралығында күтеді. Кітапханашылар оларға әдеби саяхаттар, кітаптарды талқылау, әңгімелесулер, викториналар мен ойындар ұйымдастырады.
Мұнда оқушылар сурет салуға, шеберлікке, ашық хат жасауға, ою-өрнектер оюды үйрететін шығармашылық алаңдар пайда болады. Сонымен қатар ойын барысында жас оқырмандар ағылшын тілін үйренеді.
Биылғы жылы алғаш рет «Почемучкина поляна» шығармашылық алаңы ұйымдастырылады.
Кітапхана қызметкерлері волонтерлермен қуана жұмыс істейтіндерін де жеткізді.
Толығырақ 8 (7212) 56 74 64 телефоны бойынша. Алаңдардың жұмыс кестесін www.karlib.kz сайтынан табуға болады.