Қарағандылықтар Нижнекамскідегі зауытта тағылымдама кезінде бірінші шинаны шығарды

Қарағандылықтар Нижнекамскідегі зауытта тағылымдама кезінде бірінші шинаны шығарды

«Нижнекамскшина» ЖАҚ-да тағылымдамадан өтіп жатқан Саран қаласындағы KamaTyresKZ Шина зауытының қызметкерлері біліктілік емтихандарын сәтті тапсырып, өздерінің алғашқы шиналарын өздері дайындады.

«Татнефть» ЖАҚ компаниясының өкілдерінің айтуынша, қазір Нижнекамскідегі KAMA TYRES кәсіпорындарында Қазақстаннан 98 қызметкер тағылымдамадан өтуде. Тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен олар тәжірибе мен шеберлік жинақтай отырып, жинаушы, вулканизаторшы, каландр машинисі, резеңке қоспаларды қақтаушы мамандықтарын және басқа да мамандықтарды меңгерді. Саран қаласында шина өндірісін іске қосу кезінде KAMA TYRES кәсіпорындарында 500-ге жуық маман оқудан және қайта мамандандырудан өтеді деп жоспарлануда.

«Нижнекамскшина» ЖАҚ атқарушы директоры Эдуард Миронов атап өткендей, болашақ шина жасаушылар ең заманауи жабдықта оқып, жұмыс істейді. Өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат етілген барлық тағылымдамадан өтушілер өндіру нормасын орындайды. Олар қазірдің өзінде Нижнекамск әріптестері деңгейінде жұмыс істейді.

– Жігіттер мамандықтың қыр-сырын жақсы меңгерді, оның үстіне оларға Саран қаласында жаңа шина кәсіпорнына орналасатын персоналдарды оқытуға тура келеді, – деп атап өтті Эдуард Миронов. – Олар енді тәлімгер болады.

Бірінші шинаны қыздырып өңдеу ең жақсы жұмысшыларға сеніп тапсырылды. Шығарылған КАМА GRANT шинасында: «Шинаны KamatyresKZ алғашқы жұмысшылары жасаған» деп жазылды. Ол KAMA TYRES мұражай экспозициясында лайықты орын алады.

Жолдастарын қолдауға жинаушы Ерлан Абдрахманов келді. Жас жігіт механикалық зауытта тағылымдамадан өтіп, болашақта вулканизациялық жабдықтарға қызмет көрсету мастері болып жұмыс істейді.

– Бүгін біздің жігіттер бірінші шинаны шығарды, – дейді Ерлан. – Айтпақшы, бұл LADA Granta автокөліктерін жинақтау үшін арнайы әзірленген зауыттың жаңалығы. Мен инженер-механикпін, Қарағанды техникалық университетін бітірдім. Әрине, Қазақстанда қалыпшылар басқа өндірушіден болуы мүмкін, сол жерде мастерлерге де, вулканизаторшыларға да, сервистік мамандарға да оқуға тура келеді. Мұнда мықты мамандар жиналған – бұл өндірістік мәселелерде де, тұрмыстық мәселелерде де көмектесетін нағыз мамандар тобы.

Салынып жатқан зауытқа қызметкерлерді қабылдау жалғасып жатқанын атап өтеміз. Қазан айының соңында Қазақстаннан Нижнекамскке жаңа жұмысшылар келді. Жұмысқа орналасу үшін Саранда зауыт кеңсесі ашылды. Сондай-ақ, Қарағанды және Саран қалаларын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуға өтінім беруге болады.

Жаңа шина зауытының жұмысшылары үшін жақсы жағдайлар жасалған: жұмыс орнына дейін тегін жол жүру, жайлы тұру және демалу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған тегін жатақхана, сондай-ақ медициналық сақтандыру. Тағылымдамадан өтушілер KAMA TYRES қызметкерлері деңгейінде жалақы алады. Оқу мен тағылымдама аяқталғаннан кейін олар Қазақстанға оралып, KamaTyresKZ зауытында жұмыс істеуді жалғастырады және жергілікті персоналды қатар оқытады.

Саран қаласында кәсіпорынды іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланғанын естеріңізге сала кетейік. Қазірдің өзінде зауытта KAMA TYRES дайындалған білікті пероналдары болады. Жаңа өндірісте 1 100-ден астам адам жұмыспен қамтылатын болады, ал зауыт өнімі – 3 миллион жеңіл және 500 мың жүк тұтас металлокорд шиналары – Қазақстанның ішкі нарығына, сондай-ақ экспортқа жеткізілетін болады деп жоспарлануда.