22 маусымда сағат 19.00-де «Шалқыма» концерт залында пианиношылар Давид Бисмут пен Максим Зеккини өнер көрсетеді. «4 қолмен орындалатын ойын» атты концерті дүниежүзілік музыка күніне орай ұйымдастырылды. Кіру тегін. Билеттерді Француз альянсынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Гоголь көшесі 38, 105 кабинет.
Анықтама телефондары: +7 701 803 29 41, 51 27 37.
Максим Зеккини - Италиядағы Имола қаласының "Incontri col Maestro" беделді академиясының дипломын иеленген алғашқы француз виртуоз-пианиношы. Теледидарда, музыкалық комедияларда оркестрлермен дирижер болған жан-жақты музыкант. Сондай-ақ әнші Джулия Мигенеспен жеке концерттер, сондай-ақ актриса Анук Эмемен дәріс-концерттер берген. Тек қана композитор ғана емес, сонымен қатар ол көптеген шығармалар мен музыкалық транскрипциялардың авторы.
Давид Бисмут - Pianiste журналының нұсқасы бойынша өз буынының Ең дарынды Француз пианисттері ондығының бірі болып табылады. Оның жарқын және терең ойыны сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Жыл сайын Қазақстандағы Франция Елшілігі әріптестермен бірге 21 маусым дүниежүзілік музыка мерекесін атап өтуге орай концерттер топтамасын ұйымдастырады. Музыка мерекесі – Франция мәдениет министрі Жак Лангтің бастамасымен 1982 жылы Парижде ұйымдастырылған музыкалық фестиваль. Бүгін бұл мереке музыка саласындағы әлемдік оқиғаға айналған.