Қарағанды жастары подкасттарда өзекті мәселелерді талқылайды

Қарағанды жастары подкасттарда өзекті мәселелерді талқылайды

Қарағандыда жастардың бастамасымен BIRGE жобасы жүзеге асырылуда. Jas Otan жастар қанаты мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бизнес, құқық және технология факультеті алғашқы подкаст жазды. Екі тілді платформада жастар қазіргі уақыттың ең өзекті мәселелерін талқылайды.

– Жақында біз бірінші рет жастарға арналған подкаст түсірдік. Видеода біз подкасттарды құру, жалпы әлеуметтік желілер, олардың дамуы және пайдалы қолданылуы туралы әңгімелестік. Атап айтқанда, жас қарағандылықтарға осындай технологиялардың көмегімен біздің тарихымыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз туралы айтуға болады. Бұл подкаст қоғамның мәселелерін талқылауға арналған екі тілді платформадан тұрады. Болашақта біз жобаны дамытып, тәуелсіздік, жастар үшін ағылшын тілін үйрену қажеттілігі, жұмыссыздық, кітап нарығы, саяхат, ғылым және т. б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз, – деді Jas Otan Қарағанды филиалының басшысы Ержан Хамитов.

Подкасттар радио немесе телехабарға ұқсас, бірақ файлдар немесе ағынды мультимедиа түрінде болады, оларды тыңдаушыға ыңғайлы уақытта және кез – келген жерде интернет арқылы ойнатуға болады. Әдетте, подкасттардың белгілі бір тақырыбы мен жариялау жиілігі болады.

Қарағанды жастары подкастының бірінші шығарылымын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/Xshq2QXeTOQ.