Алматы, Шымкент және кейбір облыстардың әкімдері тағайындалды

Алматы, Шымкент және кейбір облыстардың әкімдері тағайындалды

Ақорда сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы, Шымкент және кейбір облыстардың әкімдерін тағайындауы туралы Жарлығы жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын."