Қарағандылық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қарағандылық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Ауыр атлет Артем Антропов Фиджи қаласында өткен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Қарағандылық 96 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жалпы есептегенде 352 келі салмақты көтерді.

Артем он жылдан бері ауыр атлетикамен айналысады. Қазір ол 19 жаста.
- Медальмен тұғырға көтерілу өте керемет сезім сыйлайды. Әрине, алтын алғым келеді, бірақ сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Алдағы уақытта нәтижелерім жақсы болады деп үміттенемін, - деді спортшы.
Оның айтуынша, бірінші орынға жету үшін оған біраз уақыт жетпей қалды: сайыс барысында спортшының жауырынындағы ескі жарақаты сыр берген екен. Ол жарыс алдында емделгеніне және дәрігерлер жаттығуларға кірісуге рұқсат бергеніне қарамастан, сайыс кезінде 211 килограмм салмақ көтеруге тырысқан кезде спортшы қатты ауырсынуды сезіндім дейді. Артемның қолы дірілдеп, нәтижесінде төрешілер жоғары ұпай бермеді.
- Келесі жолы қанша ауыр болса да, штанганы ұстаймын деп шештім өзім үшін. Спорт – бұл әрдайым өзіңді жеңу, - деді Артем.
Қазір ауыр атлет келесі жарыстарға дайындалуда. Ол 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін күрес жүргізуді көздеп отыр.